«Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма мүшелерінің сыйақыларының сомасы 345 миллионнан асады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Облигациялары Қазақстан қор биржасындағы (KASE) ресми тізімде тұрған «Самұрық Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ (Астана) ресми хат арқылы KASE-ке «атқарушы орган мүшелерінің 2014 жылғы 345 468 000 теңге көлеміндегі сыйақысы туралы» хабарлады, деп жазады KASE.
Айта кетейік, «Самұрық Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» басқармасы 6 адамнан құралған.
Басқарма мүшелері:
Шөкеев Өмірзақ Естайұлы - Басқарма төрағасы;
Бахмутова Елена Леонидовна - Басқарма төрағасының орынбасары;
Ердебай Дәурен Иманжанұлы - Басқарма төрағасының орынбасары;
Рахметов Нұрлан Құсайынұлы - Қаржы директоры - Басқарма мүшесі;
Сәрсенбаев Талғат Есенәліұлы - Құқық мәселелері жөніндегі бас директор - Басқарма мүшесі;
Бейсенғалиев Берік Тұрсынбекұлы - Бизнесті дамыту бас директоры - Басқарма мүшесі.