«Самұрық-Қазына" ҰӘҚ» АҚ-ның Тұрғын үй комиссиясы «Солтүстік шұғыла» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді квота бойынша бөлудің тізбесін бекітті

АСТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат - "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының Тұрғын үй комиссиясы «Солтүстік шұғыла» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді квота бойынша «Назарбаев университеті» акционерлік қоғамының, мемлекеттік органдар және ұлттық компаниялардың қызметкерлері арасында бөлу тізбесін бекітті,

«Самұрық-Қазына" ҰӘҚ» АҚ-ның Тұрғын үй комиссиясы «Солтүстік шұғыла» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді квота бойынша бөлудің тізбесін бекітті

деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

«Солтүстік шұғыла» тұрғын үй кешенінің құрылысы «Самұрық-Қазына" Жылжымайтын мүлік қоры" акционерлік қоғамының көмегімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігінің 2009-2010 жылдарға арналған экономикалық және қаржылық жүйені тұрақтандыру жөніндегі бірлесіп әрекет ету жоспарын жүзеге асыру шаралары жоспарының шеңберінде аяқталды.

Бұл процедура «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамының Тұрғын және коммерциялық (тұрғын емес) жайларды бөлу ережелеріне сәйкес жүзеге асырылды.

«Самұрық-Қазына" Жылжымайтын мүлік қоры" АҚ дағдырысқа қарсы шаралар мониторингін жүргізу мақсатында құрылған институт болып табылады. Оның негізгі мақсаты - аяқталмаған құрылыс нысандарын қаржыландыру және үлескерлердің мәселелерін шешу. Қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына" Жылжымайтын мүлік қоры" АҚ 2 865 үлескерлердің проблемаларымен айналысуда.