«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Директорлар Кеңесінің отырысында корпоративті басқару кодексі талқыланды

АСТАНА. Қарашаның 19-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑ Кеше қарашаның 18-інде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі - Директорлар Кеңесінің Төрағасы Кәрім Мәсімовтың басшылығымен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ  Директорлар Кеңесінің  отыз екінші ашық жиыны болып өтті,

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ  Директорлар Кеңесінің  отырысында корпоративті басқару кодексі талқыланды

 деп хабарлайды ҚазАқпарат Қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынның күн тәртібінде Қор мен оның еншілес компанияларының  жұмысына қатысты  бірқатар өзекті  мәселелер қарастырылды. Сонымен бірге, Директорлар Кеңесі  Қордың  корпоративті басқару  кодексін талқыға салды. Ережелер мен ақыл-кеңес ұсыныстары жиынтығынан тұратын  аталған кодексті  «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ   корпоративті басқару саласында жоғары деңгейді қамтамасыз ету үшін пайдаланатын болады. Осыған орай, Қор құрамына енетін  бірқатар компаниялардағы  корпоративті  басқарудың қазіргі  жағдайы жөнінде де әңгіме өрбіді.  

Бұдан басқа, кеңес барысында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ құрамына енетін ірі компаниялардың  2009 жылдың 9 айындағы есептері  және жалпы жыл бойындағы алдын-ала  қаржылық-шаруашылық қорытындылары туралы  ақпарат,  «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ  ішкі  аудит қызметінің соңғы 9 айдағы   қорытындысы және   Қор құрамындағы компаниялардың   2009 жылдың 2-ші тоқсанындағы тәуекелдері туралы  есептер тыңдалды.  

Жиын қорытындысына орай, күн тәртібіне қойылған  барлық мәселелер бойынша  арнайы  шешімдер қабылданды.