«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ мен International Herald Tribune ұйымдастыруымен IV Қазақстандық инвестициялық саммит өтеді

АНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Алматыда, маусымның 3-4-де «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ мен International Herald Tribune ұйымдастыруымен IV Қазақстандық инвестициялық саммит өтеді. Қазақстанда өтетін бұл форум International Herald Tribune-нің әлем бойынша ұйымдастыратын жоғарғы дәрежедегі дәстүрлі форумы. Саммит Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басқаруындағы Инвесторлар кеңесімен ынтымақтаса өтеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2008 жылы қазанда құрылған «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры соңғы жылдары ел Үкіметінің дағдарысқа қарсы бағдарламасын сәтті орындап шықты. Қазіргі күні Қордың жұмысы ел экономикасының дағдарыстан кейінгі дамуына бағытталып отыр. Инвестициялық Саммит кезінде ел басшылығы, іскер орта өкілдері, әлемнің көптеген елдерінен жиналған инвесторлар Қазақстанның дағдарыстан кейінгі инвестициялық тартымдылығы және бұндағы ықтимал қатерлер жөнінде өз ойларып ортаға салып, талқылай алады. Қаржы мәселелері мен экономикалық өзгерістерге қарамастан Қазақстан өзінің экономикалық дамуына қажетті инвестициялар деңгейін сақтап қалды. Саммит кезінде Қазақстанның индустриялды-инновациялық дамуы бойынша Мемлекетік бағдарламаны жүзеге асыруда шетел инвесторларының қатысуы шаралары талқыланады, ұзақ мерзімге негізделген экономикалық өсім мен бәсекеге қабілеттілікті айқындайтын құқықтық ережелер жасау туралы да мәселе қозғалады», делінген Қордың баспасөз қызметі таратқан ақпарда.

Сонымен бірге, алқалы жиын барысында Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі өнеркәсіптік лидер болу мүмкіндігі, елдің мұнай-газ өнеркәсібіндегі жаңа мүмкіндіктері туралы, сонымен қатар, Қазақстанның қаржылық саласын тұрақтандырудағы дағдарысқа қарсы шаралар, инвесторлардың елдегі перспективасы секілді мәселелер де қамтылады.

Соңғы жаңалықтар