«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ жанынан Қоғамдық- Консультациялық кеңес құрылды

Астана. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат - Кеше «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Басқармасы шешіміне сәйкес құрылған Қоғамдық-консультациялық кеңестің алғашқы жиыны өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кеңестің негізгі мақсаттары: Қазақстанның даму жолындағы экономикалық сараптаманы жасау, дағдарысқа қарсы және тұрақтандыру шаралары бойынша ел билігі қолға алып отырған шараларды әрі қарай ұсыныстармен қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті дамыту үшін қажетті ортаны қалыптастыру жолында ұсыныстарды беру болып табылады. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарма төрағасы Қайрат Келімбетовтың айтуынша, Кеңестің мақсаты «билік пен бизнес арасында, даму институттары, ұлттық компаниялар мен кәсіпкерлер арасында қоғамдық диалог қалыптастыру». Кеңестің қолға алатын іс-шаралары ретінде: зерттеу, ақпараттық-сараптамалық материалдарды дайындау, орта және шағын бизнесті дамытуда ұсыныстар жасау, мемлекеттік-жеке серіктестік механизмдерін жетілдіру, адам капиталын дамыту, кешенді анализ, экономикалық саясаттағы тенденцияларды бағдарлау, концептуалдық нәрселерді жасау, нақты сектордың арнайы салаларында бағдарламалар мен жобаларды дайындау секілді жайттарды айтуға болады. Жиын қатысушылары Қоғамдық-консультациялық кеңес жөніндегі ережелерді талқылап, қабылдап, әрі алдағы жұмыс жоспарын айқындап алды. «Азаматтық позиция» қорының төрағасы Абылай Мырзахметов Кеңестің жауапты хатшысы болып сайланды. Кеңестің хабарласушылар легін қалыптастыра алатындығына сенім артқан ол «Бәлкім, біз бір-бірімізге сыни көзқарас ұстанумыз да мүмкін, бірақ біздің мақсат - кәсіпкерлердің, әсіресе, аймақтарда тұратын кәсіпкерлердің ащы даусы естілуі үшін қандай да шешімдер табу. Бір дегеннен барлық мәселені шешу әрине қиын, бірақ негізгі мәселелер бойынша, ол шешімдерді табуға талпыну- өте ықтимал нәрсе» деді. «Ракурс» орталығының президенті Ораз Жандосовтың айтуынша, Кеңес тек қана дағдарысқа қарсы және тұрақтандыру шараларына ғана өз назарын аудармау керек, сонымен қатар экономиканы диверсификациялауды да есте тұтуы тиіс. «Самұрық-Қазына» қорының дағдарысқа қарсы міндетін, оның тек бүгінгі функциясы деп ойлайық. Ал болашақта, экономиканы диверсификациялап, елдің орнықты дамуын әрі қарай қамтамасыз ету мәселелерін - Қордың стратегиялық функциясы болады деп үміттенейік», деді ол. ҰӘҚ басшысы Қайрат Келімбетов, бүкіл ұсыныстар «Самұрық-Қазынаның» алдағы жұмысында ескерілетіндігіне сендірді. «Біз дағдарысқа қарсы бағдарламаның операторы болғандықтан, әрі өзімізді «Ұлттық әл-ауқат қоры» деп атайтындықтан да, осы бір сөзді барынша ақтап, нақты қорытынды шығаруға тырысамыз. Сондықтан да барлық сауалдар мен сынды Қоғамдық кеңес мүшелерімен талқылауға дайынбыз» деді. Қоғамдық-Консультациялық кеңес құрамына мемлекеттік басқару органдарының өкілдері, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдар, бизнес қауымдастық өкілдері, сарапшылар кіреді. Қоғамдық-консультациялық кеңес мүшелерінің жұмысы таза қоғамдық жұмыс болып есептелінеді, оларға ақша төленбейді.
Соңғы жаңалықтар