Самұрық-Қазына Үкіметке 716 млрд. теңге дивидендтер төледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Үкіметке 716 млрд. теңге дивидендтер төледі. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісіндегі дөңгелек үстелде аталған Қордың басшысы Өмірзақ Шөкеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қор құрылғалы салық және басқа да төлемдер түрінде 7,9 трлн. теңге төледі, сондай-ақ жалғыз акционері болып табылатын ҚР Үкіметіне 716 млрд. теңге дивидендтер және өзге де төлемдерді іске асырды»,-деді Ө. Шөкеев.
Оның сөзіне қарағанда, таза кірісте акционердің пайдасына төленген дивидендтер мен басқа да төлемдер үлесі тұрғысында «Самұрық-Қазына» қоры әлемнің үздік қорларының осы тектес көрсеткіштеріне қатарласып келеді.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры инвестициялық холдинг болып табылады. Оған Қазақстанның ұлттық әл-ауқат арттыру мен экономиканы жаңғыртуға қолдау жасау секілді міндеттер жүктелген.