«Самұрық-Қазына» Үкіметке Қордың мемлекеттік сатып алулардағы қазақстандық мөлшерді дамытудың біртұтас бағдарламасын ұсынады

АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - «Самұрық-Қазына» қоры осы аптаның соңына дейін Үкіметке Қордың мемлекеттік сатып алулардағы қазақстандық мөлшерді дамытудың біртұтас бағдарламасын ұсынатын болады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Таяу күндері біз Үкіметке Қордың мемлекеттік сатып алулардағы қазақстандық мөлшерін дамытудың біртұтас бағдарламасын ұсынатын боламыз. Бағдарламада Мемлекет басшысының және Үкіметтің соңғы талаптары ескерілетін болады», - деді бүгін Үкіметтің селекторлық кеңесінде Қ.Келімбетов. Қор басшысы бағдарлама Министрлер Кабинетіне аптаның соңына дейін енгізілетінін нақтылады. Оның айтуынша, бағдарламада жер қойнауын пайдалану, теміржол, телекоммуникация және электр энергетикасы сынды 4 негізгі салаға екпін салынған.
Соңғы жаңалықтар