«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасының шешімімен бірқатар тағайындаулар жасалды
АСТАНА. Желтоқсанның 14-і. ҚазАқпарат - «Тау-Кен-Самұрық» АҚ Басқарма Төрағасы және Директорлар Кеңесінің мүшесі Мұрат Мұртазаевтың өкілеттігі тоқтатылуы себепті «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен «Тау-Кен-Самұрық» АҚ Басқарма Төрағасы және Директорлар Кеңесінің мүшесі болып Болат Аманжолұлы Святов тағайындалды.
Бұл туралы қордың баспасөз қызметінен хабарлады.
Б.А Святов 1958 жылы туылған. С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің химия факультетін «инженер-химик» мамандығы бойынша, ҚазССР ҒА металлургия және кен байыту Институты аспирантурасының күндізгі бөлімін «түрлі-түсті және сирек металдар металлургиясы» мамандығы бойынша, РФ Үкіметі жанындағы халық шаруашылығы академиясын (Қаржы менеджмент Жоғарғы мектебі) «қаржы менеджменті» мамандығы бойынша бітірген. Техника ғылымдарының докторы, менеджмент магистры.
Қазақстанның тау-кен саласындағы ірі өндіріс кәсіпорындарында басшы болып қызмет атқарған: Павлодар аллюминий зауытының коммерациялық директоры, Ақсу ферроқорыту зауытының директоры, «Қазхром» трансұлттық компаниясының бас директоры, Тараз металлургиялық компаниясының бас директоры, Директорлар Кеңесінің Төрағасы болып қызмет атқарған.
Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасы Малай Мукхерджидің «Тау-Кен Самұрық» компаниясы Директорлар Кеңесі Төрағасынан кету жөніндегі жеке өтінішін қанағаттандырды. «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының ұсынысы бойынша, «Тау-Кен Самұрық» компаниясы Директорлар Кеңесіні Төрағасы болып «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Басқарушы директоры, тау-кен активтері блогын қадағалаушы Ұлан Сапарұлы Байжанов сайланды.
Сондай-ақ «Тау-Кен Самұрық» компаниясы Директорлар Кеңесі құрамына тәуелсіз директор болып, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Химия-металлургия институтының директоры М.Ж. Толымбеков сайланды.