"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" мен Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ мен Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.
None
None

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-ның Басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов пен аталмыш университтетің ректоры Әли Әбішов құжаттарға қол қойды. Меморандум университет жанынан біріккен ғылыми-зерттеу мен консалтингті орталық құруды, магистранттар мен докторанттарды дайындаудағы инновациялық білім беретін бағдарламаларды, отандық және шетелдік сарапшыларды тарта отырып ғылыми конференцияларды ұйымдастыруды қарастырмақ.

Құжатқа қол қоюдағы мақсат - екі жақтың мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, өзара ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру.

Соңғы жаңалықтар