«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының Басқарма төрағасы Ө.Шөкеев кеңес өткізеді
АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Өмірзақ Шөкеев 21 мамырда Қор топтарының тәуелсіз директорларымен кеңес өткізеді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми сайты хабарлады.
«Кездесуде Қор топтарындағы синергия, 2013-2022 жылдарға арналған жаңа кадрлық саясат, корпоративтік заңнамаға өзгертулер енгізу, «Халықтық ІРО», компанияның құны, қаржылық басқаруды жетілдіру және ішкі аудит мәселелері талқыланбақ», - делінеді хабарламада.
Жиын Астана қаласында, Radisson қонақ үйінің «Сарыарқа» мәслихат залында өтеді.