«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басқармасы «Қазпошта» акционерлік қоғамында кадрлық өзгертулер жасады

Атап айтқанда, Қор басқармасы басқа жұмысқа ауысуына байланысты «Қазпошта» АҚ басқармасының төрағасы Дәурен Тұманбайұлы Молдағалиевті қызметінен босату туралы шешім қабылдады. Оның орнына компания басшысы болып, бұған дейін «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары болған Салауат Қалымғазыұлы Шериязданов сайланды.
Қор басқармасының шешімімен сондай-ақ, «Қазпошта» АҚ директорлар кеңесінің құрамында мынадай өзгертулер жасалды:
- ротациялау аясында «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның басқарушы директоры Нұрлан Құсайынов «Қазпошта» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды (бұған дейін, 2009 жылдың шілде айынан бері директорлар кеңесін Айдан Кәрібжанов басқарып келген болатын);
- кеңес мүшелігіне байланыс және ақпарат вице-министрі Сәкен Сәрсенов сайланды.