10:53, 15 Қаңтар 2009 | GMT +5
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басшылығы толықтай тағайындалып бітті
АСТАНА. Қарашаның 15-і. ҚазАқпарат. «Самұрық-Қазына» қорының басшылығы толықтай тағайындалып бітті, деп хабарлады ҚазАқпаратқа Қордың баспасөз қызметі.
Басқарушы директорлар-Басқарма мүшелері Қанатбек Сафинов пен Қайрат Әйтекенов. Қ.Сафинов бұған дейін «Самұрық» холдингінің басқарушы директоры - Басқарма мүшесі болып қызмет атқарса, Қ.Әйтекенов «Қазына» орнықты Даму қоры Төрағасының орынбасары болып істеген.
Басқарушы директорлар: Сәкен Жүнісбекұлы Мұсайбеков - Басқарушы директор-аппарат жетекшісі (әкімшілік, ақпараттық технологиялар, баспасөз қызметі), Болат Оралұлы Ақшолақов (электрэнергетикалық активтер, мұнай-газ мәселелері), Айдан Тобаниязұлы Кәрібжанов (стратегиялық инвестициялар, корпоративті басқару), Болат Әбілқасымұлы Палымбетов (аймақтық даму, өнеркәсіптік активтерді басқару), Нұрлан Құсайынұлы Рахметов (бухгалтерлік есеп және есеп беру, бюджет, жоспарлау, экономикалық сараптама, аудит және бақылау департаменті), Жомарт Амангелдіұлы Абиесов (адам ресурстарын басқару департаменті), Нұржан Тәліпұлы Байдәулетов (транспорттық активтер, коммуникациялық активтер дирекциясы), Абай Мұқашұлы Искандеров (корпоративті қаржы, қазынашылық, сараптама және зерттеу, тәуекелден сақтандыру департаменті), Питер Брайан Хауз (стратегиялық даму, корпоративті басқару, тау-кен активтері департаменті).
Сонымен қатар, атқарушы директорлар мен департамент, дирекция директорлары да тағайындалды.