«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының отандық өндірушілердің тауар және қызмет көрсету түрлерін сатып алу шаралары жөнінде кеңесі өтті

АСТАНА. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының (ҰӘҚ) отандық өндірушілердің тауар және қызмет көрсету түрлерін сатып алу шаралары жөнінде кәсәпкерлермен кеңесі өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Аталмыш басқосуға «Самұрық-Қазына» АҚ-ның басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов, «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы», «Қазақтелеком», «Қазпошта», «КЕГОК» компанияларының басшылары қатысты. «Қор тобына енетін компаниялардың сатып алу үдерісін ұйымдастыру және оның тиімділігі ? Қор жұмысының біріккен жиынтық, қаржылық жетістігіне тікелей әсер етеді. Дегенмен, Қор тобына кіретін компаниялардың мемлекеттік сатып алу заңындағы талаптардан босатылуын ? олардың сатып алу шараларының арнайы нормативтік базасыз және бақылаусыз жүзеге асуы деп есептеуге болмайды», - деп атап өтті Қайрат Келімбетов.ҰӘҚ компаниялар тобына мемлекеттің қатысуымен 400-ден астам компаниялар енеді. Оның ішінде ең ірілері ? Ұлттық компаниялар, даму институттары, Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар. Сондай-ақ 44 компанияның 100 пайыздық акциясының қожайыны да «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ болып табылады. Кеңесте сатып алу шараларының тиімділігін арттыру және қысқарту секілді жайттар қаржының үнемделуіне әсер ететіндігі, әлемдік қаржы дағдарысы кезінде бұл қадамдардың маңызы тіптен арта түсетіні айтылды. Еске сала кетейік, заңдағы соңғы өзгерістерге байланысты мемлекеттік үлесі 50 пайыздан асатын ұлттық компаниялар «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңы ауқымынан шыққан. Өйткені бұл ? отандық өндірушілерді қолдау үшін және олардың тауар мен қызмет көрсету түрлерін сатып алуда жылдамырақ қимылдауын көздеген шара.ҰӘҚ басқарма төрағасы басқосуда жасалған барлық баяндамаларды тыңдап, өз қорытындысын жасады. «Мен бір-біріміздің сұрақтарымызға нақты жауап беруіміз керек деп санаймын. Ең бастысы, ашықтылықты, қоғаммен кері байланысты орнату қажет. Қор шаруасындағы маңызды мәселелердің алдағы уақытта жиі талқыланатынын айтқым келеді», - деп атап өтті Қайрат Келімбетов.
Соңғы жаңалықтар