«Самұрық-Қазына» жалпы құны 19,5 млрд. долларды құрайтын 25 ірі жобаны қарап жатыр ? Қ. Келімбетов

АСТАНА. Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгінгі күні «Самұрық- Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры АҚ жалпы құны 19,5 млрд. долларды құрайтын 25 ірі жобаны қарап жатыр.

«Самұрық-Қазына»  жалпы құны 19,5 млрд. долларды құрайтын 25 ірі жобаны қарап жатыр ? Қ. Келімбетов
Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының Басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қорда қаралатын аталған жобалар негізінен еліміздегі энергетиканы, көлік инфрақұрылымын, мұнай-газ саласы мен өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталады. «Қор аясында құрылған Инвестициялық комитеттің шеңберінде осы жобалар бойынша орындалған жұмыстарға талдау жүргізілуде. Сондай-ақ комитет ел экономикасының негізгі салаларын дамытудың жалпы стратегиясы мен жобаларды қаржыландырудың оңтайлы құрылымын, шетелдік инвестициялар тарту мәселесін зерделеуде. Мәселен, бүгінгі күні «Самұрық - Қазына» қорының Инвестициялық комитеті 22 ірі жобаны қарады. Ол бойынша 161 млн. доллар көлеміндегі үш жоба тұрақтандыру бағдарламасы қаражатынан қаржыландыруға ұсынылды», деді Қ. Келімбетов.