«Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» 10 тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтап, іске қосты

None
None
АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның 2011 жылдың 9 айындағы таза табысы 2,4 млрд. теңгені құрады.

«СҚ» Жылжымайтын мүлік қорының» (ЖМҚ) ресми сайтында компанияның ағымдағы жылдың 9 айындағы жұмысының қорытындысы жарияланды.

Атап айтқанда, аталмыш кезеңде компанияның шоғырланған таза кірісі 2,4 млрд. теңгені құрады. Бұл жоспарлы көрсеткіштен 2,4 есеге көп. Есепті кезеңде компанияға - 4,7 млрд. теңге, соның ішінде негізгі қызметінен - 3,2 млрд. теңге, негізгі емес қызметінен - 1,5 млрд. теңге кіріс кірді. Шығындар - 2,1 млрд. теңгені, корпоративті кіріс салығы бойынша 185 млн. теңгені құрады.

Компанияның активтері 2011 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша, 95,95 млрд. теңгені, меншікті капитал - 26,2 млрд. теңгені, міндеттемелер - 69,7 млрд. теңгені құрады.

Еске салайық, әлемдік қаржы дағдарысының салдарынан құрылыстары тұралап қалған 23 тұрғын үй кешенін салып бітіру ЖМҚ-ға тапсырылып, оған Үкіметтен 78,2 млрд. теңге бөлінген болатын.

Биылғы жылғы қыркүйектің соңына дейін ЖМҚ жалпы сомасы 76,1 млрд. теңгеге құрылысы аяқталмаған 21 нысанды қаржыландыруға келісім шарттар жасады. 18 нысан (55,3 млрд. теңге) Астана қаласында, 1 нысан (16,1 млрд. теңге) - Алматы облысында және 2 нысан (4,7 млрд. теңге) - Алматы қаласында орналасқан.

Аталмыш кезеңге дейін компания мердігерлерді 68,9 млрд. теңгеге, соның ішінде үстіміздегі жылдың 9 айында - 22,8 млрд. теңгеге қаржыландырды. Өткен тоғыз айдағы мердігерлердің сатып алуларындағы қазақстандық мазмұнның үлесі 65 пайызды құрады (жоспар - 107 пайыз).

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2011 жылғы 30 қыркүйекке дейін 10 нысан пайдалануға берілді - «Ақжайық» ТК, «Әл Арқа» ТК, «Солтүстік шұғыла» ТК, «Мария» ТК, «Сулы-жасыл бульвар» ТК, «Батыс» ТК, «Қалалық романс» ТК, «Астана жұлдызы» ТК, «Есіл» ТК, «Айя» ТК, «Бөгенбай батыр» ТК-ның екі нысанының 3 кезегі, «Хан Тәңірі» ТК (1,2 кез.). 1487 үлкескердің мәселесі шешілді.

Соңғы жаңалықтар