12:43, 29 Желтоқсан 2014 | GMT +5
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры 2 382 пәтерді пайдалануға берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы шеңберінде «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры пәтерлердің жалпы аумағы 659 мың шаршы метрді құрайтын 15 жобаны іске асырды, деп хабарлайды аталған қордың баспасөз қызметі.
Аталған жобалар 8 облыста: Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстанда және Алматы мен Астана қалаларында атқарылды.
Олардың ішінде 2013-2014 жылдары Ақтөбе, Тараз қалаларында және Алматы қаласының маңында жалпы тұрғын ауданы 151,18 мың шаршы метр, яғни 2 941 пәтерді қамтитын үш тұрғын үй объектісі пайдалануға берілді, соның 118,87 мың шаршы метрді алып жатқан 2 382 пәтері «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорына тиесілі.