«Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма төрағасы тағайындалды

АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қуандық Бишімбаев «Самұрық-Қазына Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ ұжымына жаңа басқарма төрағасы Болат Палымбетовты таныстырды,

«Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма төрағасы тағайындалды

ол «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының 2011 жылғы 23 мамырдағы №21/11 шешіміне сәйкес осы лауазымға тағайындалған.

Бұл туралы «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ 2009 жылы құрылған «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылады.