«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқармасының құрамында өзгерістер болды
АСТАНА. Қазанның 15-і. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқармасының құрамында өзгерістер болды. «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның Директорлар кеңесінің 2009 жылдың қыркүйектің 14-гі шешіміне сәйкес «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның Басқарма төрағасының орынбасары қызметіне Айсұлтан Ақшорин тағайындалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Самұрық-Қазына» қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Сонымен қатар, 2009 жылғы қазанның 5-гі Директорлар кеңесінің шешімі бойынша Басқарма мүшелерінің құрамына Мұрат Иманқұлов енгізілді. Ол қазанның 1-нен бастап басқарушы директор қызметін атқаруда. Айсұлтан Әнуарұлы Ақшорин Жылжымайтын мүлік қорында 2009 жылғы наурыздың 26-нан бастап қызмет етеді. Бұрынырақ ол басқарушы директор қызметін атқарған. Басқарма төрағасының орынбасары қызметінде А. Ақшорин инвестициялық жобалардың техникалық бақылауын ұйымдастыру бойынша Жылжымайтын мүлік қорының жұмысын үйлестірумен айналысады. Бұрынырақ осы аталған бағыт бойынша жұмыс істеген Ермек Әлімов басқа жұмысқа ауысуына байланысты атқарған қызметінен босатылды.
Мұрат Сейдәліұлы Иманқұловтың басқарушы директор ретінде лауазымдық міндеттеріне Жылжымайтын мүлік қорының инвестициялық саясатын құру және жүзеге асыру кіреді», делінген Баспасөз қызметінің мәліметінде.