«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ құрылыс материалдарының құнын тұрақтандыру ісін жалғастыруда

АСТАНА. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат - Өскемен қаласында өткен өндіріс саласы кәсіпкерлерінің форумында отандық өнімнің үлесін ұлғайту мәселесі талқыланды.
None
None
Осы іске қолдау көрсету ниетімен «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ мен Шығыс Қазақстан облысында құрылыс материалдарын өндіретін жергілікті «Силикат» ЖШС және «Восток-Универсал» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш қорға сілтеме жасап. Құжатқа сәйкес екі компания екі жыл бойы Астана, Алматы және Алматы облысында құрылысы аяқталмаған тұрғын үйлерге қажетті силикат кірпіш (ақ кірпіш) пен жылу сақтайтын материалдар жеткізіп тұрады. Тауар ең арзан бағамен сатып алынады. Шығыс Қазақстан аймағының екі кәсіпорны 2 миллиард теңгенің өнімін сатып алатын тұрақты тұтынушы тауып отыр. Мұның бәрі қызметкерлердің жұмыс орындарын сақтап қалуына мүмкіндік береді.
Соңғы жаңалықтар
Референдум