17:49, 19 Наурыз 2013 | GMT +5
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ мен «Kagaz Shahary» ЖШС арасында ұзақмерзімді шартқа қол қойылды
АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ жанындағы Қазақстандық қамтуды дамыту мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы шеңберінде «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ мен «Kagaz Shahary» ЖШС арасында ұзақмерзімді шартқа қол қойылды.

Шартқа «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Аппарат жетекшісі Рүстем Бектұрымов және «Kagaz Shahary» ЖШС бас директоры Максим Скрынник қол қойды.
Жылжымайтын мүлік қоры 180-нен аса отандық құрылыс және мердігерлік ұйыммен, сондай-ақ 300-ге жуық құрылыс материалдары мен жабдықтарын өндірушілерімен және олардың дилерлерімен ынтымақтаса жұмыс істейді.
«2012 жылы құрылыс салушылардың сатып алуындағы қазақстандық қамту үлесі 74% құрады (жоспардан тыс 106%). «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ мен «Kagaz Shahary» ЖШС арасында бүгінгі жасалған ұзақмерзімді шарт - қазақстандық қамтуды дамытудың кезекті қадамы», -дейді Рүстем Бектұрымов.