«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-на жаңа басшы тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма төрағасы Болат Палымбетов өз қалауы бойынша қызметінен босатылды. Директорлар кеңесінің шешімі бойынша оның орнына Бауыржан Мамыталиев тағайындалды, деп хабарлады «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның баспасөз қызметінен.
None
None

Б.Д. Мамыталиевтің МВА дәрежесі, экономикалық және заңгерлік білімі бар. мемлекеттік органдарда, қаржы институттарында, ұлттық компанияларда, ірі жеке меншік компанияларда жауапты және басшылық қызметтер атқарды. Жылжымайтын мүлік қорының Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалғанға дейін «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет етті.

Атап өткен жөн, Жылжымайтын мүлік қоры Дағдарысқа қарсы бағдарламаны іске асыруды толық аяқтады. Бағдарлама аясында 1 млн шаршы метрге жуық тұрғын және коммерциялық жайлар пайдалануға беріліп, үш мыңнан астам отандық үлескердің мәселесі шешілді.
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыру шеңберінде еліміздің 10 өңірінде 12 тұрғын үй құрылысы жобасы бойынша қаржыландыру шарттары жасалды, олардың жалпы ауданы 535 мың шаршы метр, соның ішінде Жылжымайтын мүлік қорына тиесілі бөлігі - шамамен 423,7 мың шаршы метр. Бүгінгі таңда (2013-2015 жылдары) жалпы ауданы 393,5 мың шаршы метрге жуық 9 нысан пайдалануға берілді, соның ішінде 314 мың шаршы метрден астамы Жылжымайтын мүлік қорына тиесілі.

Соңғы жаңалықтар