«Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» басқармасының төрағасы Ғ. Әмриннің қатысуымен он-лайн конференция өтеді

АСТАНА. Маусымның 21-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Ертең, маусымның 22-де Forum.Profinance.kz порталында «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» басқармасының төрағасы Ғосман Әмриннің қатысуымен он-лайн конференция өтеді.
None
None

Конференция барысында аталмыш Қордың қандай жобаларды қаржыландырылып жатқаны және Қор операторы болып табылатын жылжымайтын мүлік нысандарының құрылысы қашан аяқталатыны жөнінде нақты мәліметтер берілетін болады. «Сіздер Қазақстанның құрылыс секторына және жылжымайтын мүлік нарығына қатысты кез келген сұрақтарды қоя аласыздар және ірі мемлекеттік қордың басшысынан нақты жауап ала аласыздар» делінген «Самұрық-Қазына» қоры баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар