«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры баспаналарының бағасы жыл сайын 4-4,5 пайызға өсуде - Б.Палымбетов
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ баспаналары бағасы жыл сайын 4-4,5 пайызға өседі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ басқарма төрағасы Болат Палымбетов мәлім етті.
«Бағдарлама (Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы) 2012 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын білесіздер. 2012 жылы бір шаршы метр баспананың өзіндік құны, яғни біз құрылыс компанияларымен шарттар бекіткен кезде өңірлерде бір шаршы метр үшін 120 мың теңге, ал Алматы, Астана Атырау және Ақтауда - 150 мың теңге болды. 2013-2014 жылдары өңірдерде -132 мың теңге, Алматы мен Астанада 164 мың теңге деңгейінде қалыптасты. Бүгінде өңірлерде шаршы метр 137 мың теңге тұрса, Алматы, Астана, Атырау және Ақтауда - 171 мың теңге. Жыл сайын өсім 4-4,5 пайыз деңгейінде болып отыр», - деді Б. Палымбетов.
Оның атап өтуінше, валюта бағамының өзгеруіне байланысты бағалардың күрт өсуі болжанып отырған жоқ. «Бағаның артуын біз анықтамаймыз, яғни ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетіне сілтеме жасаймыз», - деді ол.