«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры «Қаржы секторындағы үздік жылдық есеп» номинациясында жеңімпаз атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - RAEX («Эксперт РА Қазақстан») рейтинг агенттігі ұйымдастырған V Жылдық есептер конкурсының нәтижелері бойынша «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ «Қаржы секторындағы үздік жылдық есеп» номинациясында жүлдегер атанды. Атап өту керек, бұл номинация бойынша Жылжымайтын мүлік қоры үшінші жыл қатарынан жеңімпаз боп келеді.

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры «Қаржы секторындағы үздік жылдық есеп» номинациясында жеңімпаз атанды

Жылдық есепте есептік кезеңдегі негізгі оқиғалар мен көрсеткіштер көрсетіліп, қаржы-экономикалық көрсеткіштерге талдау берілген, қызметтің негізгі бағыттары бойынша жұмыс нәтижелері айқын көрініс тауып, корпоративтік басқару (соның ішінде тәуекелдерді талдау) туралы ақпарат келтірілген, орнықты даму аспектілері туралы ақпарат көрсетілген.

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ қаржы секторындағы үздік жылдық есептердің шорт-парағына дәстүрлі еніп, бірқатар өлшемдер бойынша Қазақстандағы үздік тәжірибе үлгісін танытып келеді. Есеп компания туралы және оның атқарған жұмыстары жайлы жеткілікті мәлімет береді. Ақпараттың айқын ашылуымен қатар, жылдық есептің классикалық бөлімдерінде Қордың орнықты даму саласындағы қызметіне арналған сапалы топтама ұсынылған. Есеп қаржы қызметтері секторына арналған ғаламдық бастамаларды орнықты дамыту (GRI, 3.1-нұсқа) саласындағы есептілік жөніндегі жетекшілік талаптарға және қаржылық қызметтер секторына арналған жетекшіліктің салалық қосымшаларына сәйкес дайындалған. Құжат «С» қолдану деңгейі өлшемдеріне сай. Есепті құру кезінде мүдделі тараптардың қызығушылықтары, Қор үшін елеулі аспектілер және компания қызметінің қоршаған ортаға әсеріне байланысты негізгі аспектілері (экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аспектілер) ескерілген» «Эксперт РА Казахстан» журналы, №48, 14 желтоқсан, 2015 жыл.

«Кейбір компаниялар 2015 жылы өздерінің жылдық есептерін дамыту бойынша айтарлықтай жұмыс жасаған - бұл контентпен қоса, дизайннан да сезіледі. Осының нәтижесінде биыл көшбасшылар тізімі едәуір жаңарды. Конкурс жеңімпаздары атанған компаниялар бүгінгі таңда жылдық есеп жасаудың Қазақстандағы үздік тәжірибесін көрсетіп отыр», - деп, атап өтті жобаның ғылыми жетекшісі Василий Калабин.

«Жылдық есептер конкурсы - 2015» байқауында 13 компания жүлдегер атанды.