«Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» құрылыс материалдары бағасын тұрақтандыру мақсатында отандық өндірісшілермен келісімге қол қойды

АСТАНА. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» құрылыс материалдары бағасын тұрақтандыру мақсатындағы шаралар аясында Қарағанды облысының бірқатар құрылыс материалдарын шығаратын отандық өндірісшілерімен ынтымақтастық жөніндегі келісімдерге қол қойды.
None
None
Келісім отандық өнім өндірушілерді қолдау, тауар мен қызмет көрсету салаларындағы қазақстандық үлесті арттыру мақсатын көздейді. Бұл туралы ҚазАқпарат «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Қол қойылған келісімге сәйкес алдағы екі жыл көлемінде отандық компаниялар Астана, Алматы қаласы және Алматы облысындағы тұрғын үйлердің құрылысын аяқтау үшін арзан бағадағы бірқатар құрылыс материалдарымен қамтамасыз ететін болады. Бұл бағытта тұрғын үй құрылыстарына жіберілетін құрылыс материалдарының құны өзіндік құн деңгейінде сақталады деп күтілуде. Сонымен бірге, келісім аясында сатып алынатын цементтің ауқымы 600 мың тоннаны құраса, оның ішінде Қарағанды облысынан әкелінетін өнімнің жалпы құны 6 млрд. теңге шамасында бағаланып отыр. «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» аталған шаралардың және отандық өндірісшілерге түсетін тапсырыстардың ауқымы Қарағанды облысындағы кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі мен өндіріп жатқан өнімдерінің сапасын арттыруға ықпалын тигізеді деген сенімде. Естеріңізге сала кетейік, «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының» еншілес компаниясы болып табылады. Ал Қормен арадағы келісімге қарағандылық «Central Asia Cement» АҚ, «Сантехпром» ЖШС, «Kaztherm» ЖШС, «Keratek» ЖШС, «Eurasiaflor» АҚ және «ТД Азия Метиз» ЖШС компаниялары қол қойған.
Соңғы жаңалықтар