«Самұрық-Қазынаның» алқа отырысында қордың 2013 жылғы негізгі міндеттері айқындалады

None
None
АСТАНА 4 ақпан. ҚазАқпарат - 7 ақпанда Қазақстан Үкіметі басшысы Серік Ахметовтің қатысуымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның кеңейтілген алқа отырысы өтеді.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«Осы отырыстың барысында 2012 жыл қорытындыланып, 2013 жылға деген қордың негізгі міндеттері айқындалады деп күтілуде»,-деді А. Әбибуллаев.

Белгілі болғанындай, отырыстан кейін «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевтің бұқаралық ақпарат құралдарына арналған брифингі жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар