«Самұрық-Қазынаның» операциялық шығыстарын не бәрі екі пайызға қысқарту 90 млрд. теңге үнемдеуге мүмкіндік береді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазынаның» операциялық шығыстарын не бәрі екі пайызға қысқарту 90 млрд. теңге үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл туралы КТК телеарнасының «Халық қызметшісі» бағдарламасына сұхбат берген «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.
«Біз холдингтің операциялық шығыстарын не бәрі екі пайызға қысқарту 90 млрд. теңге үнемдеуге мүмкіндік беретін көрдік. Бұл қаржыға бір ірі кәсіпорын салуға болады. Сондықтан да шығыстарды қысқарту барынша маңызды», - деді Ө.Шөкеев.
Қор басшысы өз сөзінде холдингтің табысын арттыру мәселесіне де қатысты сөз қозғады. Оның айтуынша, холдингтің табысы ең бірінші кезекте күнделікті жұмыстардың тиімділігіне байланысты. Сонымен қатар, жұмысшылардың біліктілік деңгейі, қолданылатын технологиялар, бизнес үдерістер бәсекеге қабілетті болуы тиіс.