Сан-Диего қаласында белгісіз біреу көшедегі адамдарға оқ жаудырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгісіз біреулер  Сан-Диего қаласында ( Калифорния штаты) көшедегі адамдарға оқ жаудырған. Бұл туралы жергілікті CBS телеарнасы хабарлады.

Сан-Диего қаласында белгісіз біреу көшедегі адамдарға оқ жаудырды

Оның деректеріне қарағанда, оқыс оқиға 11:10-да қаланың оңтүстік бөлігінде рок-н-ролль марафоны жолында болған.

Телеарнаның атап өтуінше, қазіргі уақытта жағдай толықтай полицияның бақылауында.

Рок-н-ролль марафоны - көше әншілерінің, бишілер мен чирлидерлердің қатысуымен өтетін жарыс.

Ол жыл сайын әлемнің көптеген қалаларында ұйымдастырылады.