Сан-Франциско халықаралық әуежайынан 240-тан астам ұшақ ұшырылмай қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Күшті жел салдарынан Сан-Франциско (АҚШ, Калифорния штаты) халықаралық әуежайында 240-тан астам ұшақтың рейсі кейінге шегерілді.
None
None

Сан-Франциско шығанағында жолдарды су басқан, кей учаскелер көлік қозғалысы үшін жолдар жабық. Ал кейбір шосселер жартылай жабылған. Қатты жел салдарынан ондаған ағаштар құлап, электр желілері үзілген, нәтижесінде 70 мың адам жарықсыз қалды. Сондай-ақ стансалардың су астында қалуы себепті қала пойыздарының қозғалысы тоқтатылды. Су көліктері де жолға шығарылмайды. Синоптиктердің болжамынша, бұл соңғы бес жылда өңірде орын алған ең күшті дауыл болып отыр. Сонымен қатар олар жергілікті тұрғындарға желдің екпіні секундына 35 метрге дейін күшейе түсуі мүмкін екенін ескертуде, деп хабарлайды ТАСС.

Соңғы жаңалықтар