10:12, 21 Қараша 2022 | GMT +5
Сан-Францискода шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сан-Францискодағы шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, соңғы сайлау учаскесіне сайлаушылар 100% келген.
Осыған дейін Сан-Францискода соңғы сайлау учаскесі жұмысын бастағанын жазған болатынбыз.
Айта кетейік, Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауы өтті.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, кеше, 20-қарашада сағат 22.00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 299 501 азаматы бюллетень алды. Ол - тізімге енгізілген азаматтардың 69,43 пайызы деген сөз. Ал 4 өңірде сайлаушылардың 80 пайыздан астамы дауыс берген.
Барлық өңірде 10 033 учаске жұмыс істеді.
Шет мемлекеттерде 68 сайлау учаскесі жұмыс істеді.