12:02, 07 Шілде 2013 | GMT +5
Сан-Францискода жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады
АСТАНА. 7 шілде. ҚазАқпарат - Кеше, 6 маусымда АҚШ-тың Сан-Франциско қаласының халықаралық әуежайында Boeing 777 жолаушылар ұшағы дұрыс қона алмай, жерге соғылған.
Кем дегенде 2 адам қаза тапты деген ақпарат бар.
Оңтүстік Кореяның Asiana Airlines ұшағы Сеулден Сан-Франциско қаласына ұшып келген. Бортта 291 жолаушы мен 16 экипаж мүшесі болған.
Қираған ұшақтан ондаған адамдар өз аяғымен шыққан. Ал 50-ге жуық адамның жағдайы ауыр, олар ауруханаға жеткізілді.
Ресми өкілдер апаттың террорлық әрекеттердің кесірінен болмағанын мәлім етті, деп хабарлайды «Азаттық».