Сан-Паулу қаласында Халықаралық футбол федерациясының 64-ші Конгресі ашылды

АЛМАТЫ. ҚаАқпарат - Бүгін Әлем чемпионаты қарсаңында Бразилияның Сан-Паулу қаласында Халықаралық футбол федерациясының 64-ші Конгресі ашылды.

Сан-Паулу қаласында Халықаралық футбол федерациясының 64-ші Конгресі ашылды

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Конгресс жұмысына Қазақстан футбол федерациясының президенті Жақсыбек Әділбеков, бірінші вице-президент Аллен Шайжүнісов және вице-президент Олжас Абраев қатысуда.

Бүгін сондай-ақ Қазақстан футбол федерациясы басшылығының УЕФА Конфедерациясының шараларына қатысуы жоспарланған. Сонымен қатар, қазақстандық делегация Әлем чемпионатының ашылу матчы - Бразилия мен Хорватия командалары арасындағы ойынды тамашалауға шақырылған.