15:55, 02 Ақпан 2009 | GMT +5
Санақ басталған уақыттан кейін дүниеге келген сәби ұлттық санақ есебіне енгізілмейді ? А. Мешімбаева
АСТАНА. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Санақ басталған уақыттан кейін дүниеге келген сәби ұлттық санақ есебіне енгізілмейді. Бүгін ҚР Үкіметінің отырысында ҚР Статистика агенттігінің төрайымы Анар Мешімбаева осылай мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ақпанның 25-інде басталатын ұлттық халық санағының мақсаты ел тұрғындары туралы жалпылама әрі толық мағлұматтар алу болып табылады. Осы ауқымды шараға дайындық барысында БҰҰ штаб-комиссиясының әдістемелік ұсынымдары назарға алынды. Сондықтан да, алдағы науқанда республика жұртшылығының барлығы санаққа қамтылады деп ойлаймын. Еліміздің әрбір азаматын, тұрғынын жеке-жеке тіркеп, санақ жүргізу ақпанның 25-інде 00.00-де (түнгі 12.00) басталады. Санақ мерзімі 10 күн жүргізілетіне қарамастан, науқан басталған уақыттан, яғни ақпанның 25-індегі 00. сағат 00 минуттан кейін дүниеге келген сәби ұлттық санақ есебіне енгізілмейді», - деді А. Мешімбаева.
Оның айтуынша, санаққа қатысты барлық нормативтік-құқықтық актілер өткен жылы қабылданған.