Санақшылар бір күндік жұмыс жоспарының 96 пайызын ғана орындады ? Статистика агенттігі

АСТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Ақпанның 25-і күнгі ҚР Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес, Ұлттық халық санағынан 1 512 659 адам өтті.
None
None
Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Агенттіктің баспасөз хатшысы Динара Жандаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның айтуынша, санақшылар бір күндік жоспардың 96 пайызын ғана орындады. Агенттіктің бақылауы бойынша, жоспардың орындалмауы санақ кезінде адамдардың үйлерінде болмауынан туындауда. «Жекелеген өңірлерде керісінше, бір күнгі жұмыс жоспары артығымен орындалып келеді. Ең үлкен белсенділік Алматы, Қарағанды, Атырау, Қостанай, Жамбыл, Қызылорда облыстарында байқалуда. Бұларда белгіленген жұмыс межесі шамамен 105-106 пайыз орындалды», дейді Д.Жандаева.
Соңғы жаңалықтар