Санақшының үйге келгенін күтіп жатпай-ақ, санақтан өтуге болады

АСТАНА. Ақпанның 14-і. ҚазАқпарат – Өз мекен-жайына сәйкес, санақ бөлімінің тұрған жерін белгілеп алған азаматтар құжаттарын көрсетпей-ақ,
None
None
санақшылардың келуін күтіп жатпастан өзін және отбасы мүшелерін санақтан өткізулеріне болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Осы жылғы ақпанның 25-нен наурыздың 6-сына дейінгі аралықта республика бойынша Ұлттық халық санағының өтуіне байланысты, еліміздің барлық қалаларында осындай бөлімдер ашылды. Мұндай орындар Астанада ? 69,оның 31-і - Алматы ауданына, 26-сы - Сарыарқа ауданына, ал 12-сі Есіл ауданына орналастырылған. Аталған санақ бөлімдері оқу орындары мен мемлекеттік мекемелердің базаларында жұмыс істейтін болады.
Соңғы жаңалықтар