Санчес: Головкин кіші Монромен жекпе-жекте осал тұстарын көрсетіп алды деу, күлкі тудырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчестің айтуынша, жақында мәлімделген, оның шәкірті американдық Вилл кіші Монромен айқаста өзінің осал тұстарын көрсетіп алды деу күлкі тудырады.

Санчес: Головкин кіші Монромен жекпе-жекте  осал тұстарын көрсетіп алды деу, күлкі тудырады

"Монро сол жекпе-жекте бірнеше мүмкіндікті пайдаланды, тіпті оның соққысы қарсыласының басына да тиді. Дегенмен ол Головкиннің күші мен қысымына шыдай алмады. Екі рет ногдаунға түсті, алтыншы раундта кездесуді тоқтатуға тура келді.

Санчес пен Головкиннің айқасынан соң, «қазақстандық боксшы шоу жасау үшін әдейі соққылар дарытты. Монроға өзін көрсетуге мүмкіндік жасады» десіп жатты.

Мен, мұндай сөз таратқан қарсыластары Головкиннің қорғанысында көптеген кемшіліктерді көрді, сондықтан онымен рингке шығатын болар деген сенімдемін. Кейде осындай жағдай да туғызу керек. Егер осылай деп ойласа, онда неге бағын сынап көрмеске. Мен о бастан ақ айтудамын және соларды рингте көргім келеді», - деді Санчес BoxingScene.com. сайтына берген сұхбатында. Бұл туралы vesti.kz. хабарлады.