Сандэнс кинофестивалінде марапаттау рәсімі басталды - АҚШ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Юта штаты, Парк-Сини қаласында Сандэнс 31-ші жыл сайынғы тәуелсіз кино фестивалі жеңімпаздарын марапаттау рәсімі басталды, деп хабарлады the Variety.
Фестивальдің конкурстық бағдарламасында АҚШ-та түсірілген 16 ойын және деректі ленталар және басқа да елдерден 12 ойын және деректі фильмдер бар - конкурстан тыс көрсетілімдерді қосқанда, барлығы 172 фильм.