Сандерс 2020 жылғы АҚШ президенттігіне сайлауға түсуге ниетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенатор-демократ Берни Сандерс 2020 жылы АҚШ президентігіне қайта дауысқа түсу мүмкіндігін талқылауда, деп хабарлайды Hill  басылымы сенатордың көмекшісіне сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, 2016 жылғы сайлау науқанына белсене қатысқан Сандерс  президентікке Демократиялық партия атынан үміткер болған Хиллари Клинтоннан ұтылған еді.

 «Ия, ол қайта түсуге еңбек сіңірді, ол егер демократтар атынан кандидат болса, Трампты (АҚШ президенті) сайлауда жеңемін деп есептейді»,-деген Сандерс көмекшісінің сөзін келтіреді басылым.

Сандерс келесі президенттік сайлауға ниеті бар екендігін жария түрде мәлімдеген жоқ. 2020 жылы оның жасы 79 -ға толады.

Бұдан бұрын  Сандерс Трамптың 2020 жылы екінші мерзімге қайта сайланбайтындығын мәлімдеген болатын.

Соңғы жаңалықтар