Сандуғаш Кенжебаева Анталияда жарыстың 2-ракеткасын жеңіп, жартылай финалға шықты

Сандуғаш
Фото: ҚТФ

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші, 19 жастағы Сандуғаш Кенжебаева жекелей сында Анталия (Түркия) ITF турнирінің жартылай финалына жолдама алды. 

Дүниежүзілік рейтингіде 1 171-орында тұрған қазақстандық жас теннисші ширек финалда әлемнің – 660, осы жарыстың 2-ракеткасы, германиялық Наталия Сидлискамен сынға түсті.

Бірінші партияда германиялық спортшы бет қаратпады – 6:1. Есесіне екіншісінде Сандуғаш тай-брейкте есе қайырды – 7:6 (7:3). Шешуші, үшінші сетте қазақстандық теннисші шеберлігін көрсете білді – 6:4. 

Сандуғаш Кенжебаева финалға шығу үшін әлемнің 788-інші, доданың 7-ракеткасы, 18 жастағы марокколық Ая Эль-Аунимен таласады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Римде АҚШ чемпионын тізе бүктіргенін жазған болатынбыз. Елена Рыбакина денсаулығына байланысты Рим турниріне қатысудан бас тартты.

Соңғы жаңалықтар