Сандық технологиялар индустриясының көшбасшылары елордада бас қосады

ТАНА. 17 тамыз. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - 14-16 қыркүйек күндері елордада Орталық Азиядағы аса ірі «Digital Communication Kazakhstan-2011» көрме-конференциясы өтеді.

Сандық технологиялар индустриясының көшбасшылары елордада бас қосады

Бұл туралы бүгін елордада аталған шараны ұйымдастырушылар мәлім етті.

Олардың атап өтуінше, Қазақстан, АҚШ, Ресей, Еуропа және Қытай елдерінен келетін 400 делегат пен 65 баяндамашы ұялы байланыс, телекоммуникация, сандық телеарна, кеңжолақты интернет, ақпараттық технология, Е-Үкімет, Е-сауда, интерактивті жарнама саласындағы өзекті тақырыптарды талқыламақ.

«ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі соңғы жылдары ұялы байланыс, кеңжолақты интернеттің дамуында таңғажайып серпіліс жасады. Сондықтан біз осындай көрме-конференцияны өткізудің орай келіп тұр деп санаймыз. Сонымен қатар біз серіктестерімізбен бірлесіп 65-ке жуық халықаралық және қазақстандық спикер шақырдық. Олар Астанаға келіп, өз жобаларын ұсынады және жаңа ынтымақтастықтың негізін қалайды. Ақпараттық технологиялар саласында жаңа өнімдермен таныстырады», - деді «J'son & Partners» консалтингтік компаниясының басқарушы серіктесі Карл Йоханссон.