Сандық телевизия ақпараттық контентті кеңейтеді

Қазақстанда сандық телехабар тарату жүйесі қолға алынып отыр және осы жаңа жүйенің арқасында еліміз 2015 жылға қарай балама телевидениеден сандық телевидениеге ауысады деп пайымдалуда. Бұл жаңалық Қазақстанның барлық елді мекендерінің тұрғындарына отандық өндірістің көп телебағдарламаларын көруге мүмкіндік береді.
В.Богусевич сондай-ақ, телевизиялық сетканың, қолданыстағы арналардан басқа бірнеше жаңа тақырыптық арнамен толығатынын айтып өтті.
«Біздің ақпараттық кеңістігіміздегі қазіргі қолданыстағы арналармен қатар, тағы бірнеше қосымша арнаны іске қосу жоспарлануда және ол жобалармен «Хабар» және «Қазақстан» телекомпаниялары айналысатын болады», - деді В.Богусевич.
Сандық телевизия пакетіне «Мәдениет» және «Білім» арналары, сондай-ақ тәулік бойы жұмыс істейтін «24.kz» арнасы енгізілетін болады.