Сандықтауда 5316 шаршы метр баспана пайдалануға берілді - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Сандықтау ауданында 5316 шаршы метр баспана пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Ведомствоның дерегі бойынша, өткен жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 114,1 миллион теңге қаржы бөлініп, Балкашино ауылында 18 пәтерлі тұрғын пайдалануға берілді. Бұл үйлерге облыстық бюджеттен бөлінген 27,8 миллион теңге қаржыға инженерлік желілер тартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл игі істен ауыл шаруашылығы құрылымдары да шет қаламды.

«Александр Закусилов басшылық ететін «Свободное» ЖШС жеке қаражаты есебінен Максимовка ауылында жаса мамандар мен жұмысшыларына екі пәтерлі он тұрғын үй салып берді. Ал, Бастрымовка ауылында «Сандықтау» ЖШС демеушілігімен екі пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Сонымен қатар, ауылда жеке үйлер де салынуда. Мысалы, Бірлік селолық округінде 2017-2018 жылдары аралығында барлығы 12 үй салынды», дейді ведомстводан.

Жалпы, 2017-2018 жылдары ауданда 58 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды. Оның ішінде соғыс ардагері, жетім бала, көпбалалы, отбасы және мемлекеттік қызметкерлер бар. 2019 жылы 36 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған. Қазіргі кезде, жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, облыстық құрылыс басқармасына өтініш жолданып отыр.

Соңғы жаңалықтар