Сандықтаулықтарға 10 тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Су тасқынынан зардап шеккен Сандықтау ауданының тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету бойынша кең ауқымды жұмыстар жалғасуда.

 Сандықтаулықтарға 10 тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілді

Балкашино ауылының аудандық Мәдениет үйінде азық-түлік пен қажетті бұйымдар жинау пункті жұмыс істеп тұр, жүзден астам отбасыға көмек көрсетілді, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы, аймақтық коммуникациялар қызметі аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

null 

Қайырымдылық акциясына Ақмоладағы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай қоғамының филиалы (Астана қаласы), «Көкшетау минералды сулар» компаниясы, Ақмола Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (Астана қаласы), Халық банкі (Көкшетау қаласы), Есіл ауданының, Сандықтау ауданының мемлекеттік және коммерциялық мекемелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің «Халық коммунистері» фракциясы,  «Жасыл ел - Group» ЖШС,  «Көкшетау-Транс-Газ» ЖШС және еліміздің мейірбан азаматтары қолдау көрсетті.

Аталған ұйымдар зардап шеккен халыққа азық-түлік (ұн, жарма, тұз, кондитерлік өнімдер, күнбағыс майы мен сары май, қант, шәй, макарон өнімдері, көкөністер), киім-кешек пен аяқ киім, газ, төсек жабдықтары (жастық, матрас, жамылғылар), жуғыш заттар мен гигиена заттары, су жеткізілді.

Еске сала кетсек, 2017 жылдың 16 сәуірінде аудандағы Жабай өзенінде су деңгейі көтеріліп, 327 үйді басты. 827 тұрғын аудандық орта мектепке және туыстарына эвакуацияланды. 

null