Санитариялық авиацияны үйлестіру орталығының тұсауы кесіледі
АСТАНА. 26 мамыр. ҚазАқпарат - 2011 жылғы 27 мамырда «Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығы» АҚ базасындағы Республикалық санитариялық авиацияны үйлестіру орталығының тұсаукесері өтеді.
Бұл туралы «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ баспасөз қызметі таратқан ақпараттан белгілі болып отыр.
Тұсаукесер рәсімі Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығында өткізілмек.
Орталықтың тұсаукесеріне ҚР вице-премьері Е.Т. Орынбаев, ҚР Денсаулық сақтау министрі С.З. Қайырбекова, ҚР Ішкі істер министрі Қ.Н. Қасымов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі В.К. Божко, ҚР Көлік және коммуникация министрі Б.С. Қамалиев қатысады деп күтілуде.