Санитарлық авиация бойынша республикалық үйлестіру орталығы арқылы 111 рет ұшырылым жасалып, науқастарға көмек көрсетілді
АСТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - Санитарлық авиация бойынша республикалық үйлестіру орталығы арқылы 2011 жылдың шілде-қазан айларында 111 рет ұшырылым жасалып,
науқастарға көмек көрсетілді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Ағымдағы жылдың 12 шілдесі мен 1 қазаны аралығында Санитарлық авиация бойынша республикалық үйлестіру орталығы арқылы 111 рет ұшырылым жасалды. Осы кезең ішінде жалпы санитарлық авиация арқылы тұрғындарға медициналық көмек көрсетуге түрлі бейіндегі 144 дәрігер атсалысқан.