Санитарлық авиация бойынша республикалық үйлестіру орталығы арқылы 460 рет ұшырылым жасалды
АСТАНА. 1 сәуір. ҚазАқпарат Санитарлық авиация бойынша республикалық үйлестіру орталығы арқылы 460 рет ұшырылым жасалды,
деп хабарлады рm.kz сайты Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2012 жылдың 1 қаңтары мен 25 наурызы аралығында Орталық 137 ұшырылым жасады», - делінген ведомство ақпаратында. Бұл ретте ұшырылымдардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан (32), Атырау (17), Жамбыл (14) және Оңтүстік Қазақстан (14) облыстарында жасалған.
Аталған кезеңде санитарлық авиацияның медициналық қызметкерлері 58 жүкті әйелге және 27 жаңа босанған анаға қызмет көрсеткен. Сонымен қатар жоғары білікті медициналық көмек беру үшін 60 адам облыстық және республикалық медициналық мекемелерге жеткізілген.
Естеріңізге сала кетейік, санитарлық авиация орталығы «Республикалық жедел медициналық көмек ғылыми орталығы» АҚ базасында ашылған болатын.