Санк-Петерборда танымал адамдар бояған фарфор қояндардың аукционы өтеді

САНКТ-ПЕТЕРБОР. 30 қараша. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - 2 желтоқсанда Санкт-Петерборда келесі жылдың символы - қояндар аукционы өтеді.

Санк-Петерборда    танымал адамдар  бояған  фарфор қояндардың    аукционы  өтеді

Бұл аукционның ерекшелігі сол, жаңажылдық қайырымдылық аукционда танымал адамдар бояған фарфор қояндар сатылады.

Келушілер Людмила Гурченко, Фредерик Бегбедер, Roxette тобы, Михаил Шемякин, Джо Кокер, Вячеслав Бутусов, Филипп Киркоров, Антонио Бандерас, Стинг, Оззи Осборн, Инна Бедных, Алиса Фрейндлих, Монсеррат Кабалье, Евгений Гришковец, Андрей Макаревич сынды танымал адамдар бояған 50 фарфор қоянды сатып ала алады. Одан түскен барлық қаржы балалар үйлерінің біріне беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, мұндай алғашқы қайырымдылық аукционы 2009 жылдың қарсаңында өткізілген болатын. Сиыр жылының қарсаңы болғандықтан, ол жолы солардың мүсіндері сатылған еді. Одан кейін, тағы екі аукцион өтіп, қайырымдылық мақсатына біраз қаржы жиналды.