12:01, 02 Тамыз 2017 | GMT +5
Санкциялық соғыстар барлық тарапқа да шығын әкеледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Руслан Дәленов АҚШ-тың Ресейге қатысты санкциясына орай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Санкциялық соғыстар барлық тарапқа да шығын әкеледі деп санаймын. Оның ішінде әлемдік экономикаға да жанама әсері болады. Сондықтан бұл жайттың одан ары дамуын қадағалап отыратындығымыз сөзсіз», - деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Айта кетейік, кеше Тбилисиде жүрген АҚШ-тың вице-президенті Майк Пенс АҚШ Президенті Дональд Трамптың Ресейге қарсы санкция енгізу туралы заңға қол қоятындығын мәлім еткен болатын. АҚШ конгресінің өкілдер палатасы өткен аптада қабылдаған заң жобасында америкалық компаниялар мен жеке тұлғаларға санкцияға іліккен ресейлік банктермен мәміле жасауға тыйым салынады. Сонымен қатар ресейлік энергетикалық секторға да жаңа шектеулер енгізіледі.