Санкт-Петербор бес миллионыншы тұрғынын күтіп отыр

АСТАНА. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат - Санкт-Петербордың бес миллионыншы тұрғыны 22-23 қыркүйекте дүниеге келеді. Бұндай болжамды статистикалық  мәліметтерді негізге ала отырып қала үкіметі жасады.

Санкт-Петербор бес миллионыншы тұрғынын күтіп отыр

«Күн сайын Петерборда 160-180 бала туады. Енді көші-қон және демографиялық үдерістерді ескере отырып, 5 миллиондық тұрғынның пайда болуы 22 қыркүйекте немесе 23 қыркүйекте күтіліп отыр», - дейді денсаулық сақтау комитетінің аналар мен балаларға медициналық көмек көрсету бөлімінің бастығы Анатолий Симаходский.

 Аталған қала өзінің тарихында екінші мәрте бес миллиондық межеге жеткелі отыр. Бірінші рет осындай оқиға 1988 жылы болған еді. Бүгінде сондағы мерейтойлық азамат Павел Русаков петерборлық университеттің философия факультетін тәмамдап, отбасын құрды.