Санкт-Петербор мен Мәскеу арасында екі қабатты пойыз жүретін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Федералдық жолаушылар компаниясы» жексенбіде, 1 ақпанда Мәскеу мен Санкт-Петербор арасында қатынайтын жаңа екі қабатты пойызды алғашқы рейске шығарады.

  Санкт-Петербор мен Мәскеу арасында екі қабатты пойыз жүретін болды

Құрам күн сайын екі қаладан да мәскеу уақыты бойынша сағат 22.50-де сапарға шығатын болады. Мәскеуге келесі күні сағат 06.47 секундта, ал Санкт-Петерборға - 06.44-те жетеді.

«Пойыз құрамы купе вагондары, штаб вагоны, мүмкіндігі шектеулі жандарға, онымен еріп жүргендерге арналып жабдықталған купе, мейрамхана-вагоннан тұрады», деп хабарлады РТЖ.